Ертісті жүзіп өтпекші болған: Павлодарда екі ер адам құтқарылды
Жарияланған күні:
Ертіс өзенінде жүзу әдістерін тексергісі келген екі ер адам суған батып кете жаздады. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Құтқарушылардың мәліметінше, кезекші бөлімге түнгі "102" операторынан қоңырау түскен. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлапты. Олар собор маңындағы жағалауда екі ер адамның тұншығып жатқанын байқаған.
"Құтқарушылар батып бара жатқан 1974 және 1983 жылғы екі ер адамды құтқарып, жағаға алып шықты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады", - деп хабарлады Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, павлодарлық екі азамат Ертісті жүзіп өткісі келген. Алайда күштері жетпей, өзенге батқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983125-ertisti-zuzip-otpeksi-bolgan-pavlodar-eki-er-adam-qutqaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.