Жайық өзеніне 7 жасар бала батып кетті
Опубликовано:

Атырау облысында сүңгуірлер Жайық өзеніне батып кеткен 7 жасар баланың денесін іздестіріп жатыр. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құтқарушылардың мәліметінше, қайғылы жағдай 14 тамыз күні сағат 21:00-де Қызылбалық ауылында болған. 2015 жылғы бала өзен жағасында тұрған қайықта ойнап, абайсызда суға құлап кеткен.
Шамамен 22:25-те сүңгуірлер суға батқан баланың денесін іздеу жұмыстарын бастаған.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 сүңгуірі мен 1 техникасының жұмылдырылғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983129-zaiyq-ozenine-7-zasar-bala-batyp-ketti/