Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қалалық сотының ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы қалалық сотының ғимараты қоршауға алынып, қызметкерлері мен судьялары эвакуацияланды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Оған қатысты полиция департаменті де пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін Алматы қалалық соты кеңсесінің поштасына қоқан-лоққы жасаған хабарламалар келіп түсті, соған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында келіп түскен хабарламалар тексерілуде.

Құрметті азаматтар, түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында сіздерге сот отырысының кейінге шегерілуіне байланысты сот ғимараты қоршауға алынғанын, судьялар мен сот қызметкерлері эвакуацияланғанын хабарлаймыз", - деді Абай Жарылқасын.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

"Қалалық соттың әкімшілік ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті. Осы сынды дабылдарға байланысты жүзеге асырылатын алғашқы шаралар аясында аталған мекенжайға қаланың төтенше жағдайлар қызметі тартылып, олар бірінші кезекте судьялар мен қызметкерлерді, сондай-ақ келушілерді эвакуациялады.

Патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді қауіпсіз қашықтыққа шығарды. Қазіргі уақытта ғимаратты сапер бөлімшелері тексеріп жатыр. Тексеру нәтижесі кейінірек белгілі болады", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983190-almaty-qalalyq-sotynyn-gimaraty-qorsauga-alynyp-sudyalar-evakuaciyalandy/

pixel