jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанға 13 мың литрден астам сыраны заңсыз әкелмек болған

Елге заңсыз сыра әкелмек болған
Фото: Алматы мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстанға 13 мың литрден астам ресейлік сыраны заңсыз әкелмек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 9 тамызда тексеріс барысында Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 13 484,5 литр алкоголь өнімін (сыра) заңсыз әкелу және сақтау фактісі анықталды, оның 10 830 литрі пластикалық ыдыстарға құйылған.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, пластик ыдыстардағы және рұқсат құжатсыз алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады", – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер департаментінен.

Көрші Ресейден заңсыз сыра кіргізбек болған
Фото: Алматы мемлекеттік кірістер департаменті

Бұдан бөлек департамент мамандары тексеріс жүргізген нысанда контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех анықталған. Атап айтқанда, онда алкогольді, соның ішінде виски мен бурбонды жасау үшін қолданылатын самогон аппараты мен құрамында спирті бар сұйықтықтар табылған.

Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана залал келтіріп қоймай, халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ ведомство арақтың ең төменгі бөлшек сауда бағасы бүгінде литріне 1 980 теңге, коньяк пен брендиге литріне 2 930 теңге мөлшерінде белгіленгенін еске салды.

"Сауда объектілері алкоголь өнімін ең төменгі бөлшек сауда бағасынан арзан сатқан жағдайда, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95 мекенжайы бойынша қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз", – дейді Мемлекеттік кірістер департаментінен.

Қазақстанға 13 мың литрден астам сыраны заңсыз әкелмек болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.