Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Температураның төмендеуі күтіледі: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 16 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды солтүстік-батыс антициклон әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ температураның ақырындап төмендеуі күтіледі.

Ал фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы ықтимал.

Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Одан бөлек күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық, Алматы, Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі.

Метеорологтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде күн суытып, үсік жүруі ықтимал екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983299-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/