Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірқатар өңірінде күн суытып, үсік жүруі мүмкін

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 16-18 тамыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Алдағы тәуліктерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, дегенмен аптаның ортасына қарай температура біртіндеп төмендей бастайды. Салдарынан республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал.

Одан бөлек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы мүмкін.

Сондай-ақ алдағы үш күнде жалпы республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С,

солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С,

солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін,

орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін,

шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін,

елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983221-elimizdin-birqatar-onirinde-kun-suytyp-usik-zurui-mumkin/

pixel