Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын әріптермен жазылған": Түркиядан Алтын орда ханына тиесілі Құран табылды (фото)

Жарияланған күні:

құнды жәдігер
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Түркияда іссапарда болып, еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапты, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл жұмыстар мемлекеттік "Архив-2025" кешенді жоспарын іске асыру мақсатында атқарылып отырғанын атап өтті.

Министрліктің хабарлауынша, Түркиядағы Османлы архивінің қорын зерттеу барысында қазақстандық зерттеушілер 27 қордан, 248 іс, Сүлеймания мешіті медреселерінде құрылған кітапханада 106 топтамада 70 мың томға таяу жазба, 120 мың томдай баспа ескерткіштер жинақтап, Сүлеймания кітапханасынан қа­зақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегі анықтап, көшірмесін алған.

"Іс-сапар кезінде табылған құнды қолжазбалардың бірі – XIV ғасырда алтын әріптермен жазылған Алтын Орда ханы Өзбек ханға тиесілі Құран. Сонымен қатар ғылыми іссапар барысында ақын Зейнел Сүрмелінің ұлы Махмуд Сүрмелі Ұлттық орталық қорына көзінің қарашығындай сақтаған әкесінің түпнұсқа қолжазбаларын, сол замандағы бүкіл әлемдегі қазақ қауымдастығымен алмасқан хаттары мен  өзінің 1500 өлең жолын ресми түрде тапсырды", - дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

құнды жәдігер
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983306-altyn-ariptermen-zazylgan-turkiyadan-altyn-orda-xanyna-tiesili-quran-tabyldy-foto/