Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов баласына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы баласына мектеп формасын сатып алуға қанша ақша жұмсағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Осы демалыста баламды дүкенге ертіп бардық. Дүкеннен мектеп формасын сатып алдық. Бірнеше ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Жаңа оқу жылына дайынбыз деп айта аламыз. Ал бағасына келсек, біз шамамен 35 мың теңге жұмсадық", – деді министр.

Сондай-ақ ол киім сататын дүкендерде ұзын-сонар кезек екенін айтты.

"Адам қарасы көп болды, біз де басқалар сияқты кезекке тұрып, киім киіп көрдік, 36-өлшемді киім алдық. Кәдімгі отбасылардағы секілді біз де мектепте дайындықты бастадық", – деп түйіндеді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

Дегенмен, министрдің баласына алған аяқ киім, рюкзак пен кеңсе тауарлары қаншаға шыққаны белгісіз.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы мектеп формасының бағасы туралы айтқан болатын.

Кейінірек 150 мыңға жуық қазақстандық отбасы балаларды мектепке дайындау үшін мемлекеттен қаржылай көмек алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983391-aimagambetov-balasyna-mektep-formasyn-qansa-tengege-satyp-alganyn-aitty/

pixel