Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда электрсамокаттар үшін арнайы тұрақ пайда болады (фото)

Опубликовано:

электрсамокаттар тұрағы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы көшелерінде электрсамокаттарға арналған тұрақ пайда болады. Ол үшін арнайы жол белгілері жасалуда, деп хабарлайды Алматы әкімдігі ресми Telegram-арнасында.

Әкімдіктің мәліметінше, бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалуда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалатын болады.

"Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік хабарламасында.

жол белгілері
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Алматы әкімдігі мен электрсамокаттарды жалға беру сервисінің операторы арасында меморандумға қол қойылған.

Құжат электрсамокаттардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апатты азайтуды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983466-almatyda-elektrsamokattar-usin-arnaiy-turaq-paida-bolady-foto/

pixel