Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінің екі ЖОО басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды

Жарияланған күні:

Полиция баскиімі
Көрнекі фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігіне қарасты екі жоғары оқу орнының басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, деп хабарлайды ІІМ-нің ресми сайты Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.

"Тексеру Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығымен сапалы, тиімді оқу және оқу-әдістемелік жұмыс қамтамасыз етілмегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүзеге асырылмағанын көрсетті.

Сонымен қатар оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.

Аталған бұзушылықтар академия мен институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын тиісінше орындамауы салдарынан мүмкін болды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство бұдан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығына сәйкес, ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары Ақан Нұрышевқа қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Алтай Байсұлтановқа қатаң сөгіс жарияланғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983467-iski-ister-ministrliginin-eki-zoo-bassylary-zumystagy-kemsilikteri-usin-zazalandy/