Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйелін аяусыз ұрып өлтірген ер адам сотталды

Жарияланған күні:

Әйелін өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Көрнекі фото: Pexels.com

Түркістан облысында әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген азамат 17 жылға сотталды. Ордабасы ауданының тұрғыны 15 жыл отасқан жарының аузына арақ құйып, қарсыласқан кезде төрт баласының көзінше тепкілеген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, анасынан айырған әкесіне сот үкім шығарған кезде кәмелетке толмаған балалары сот залында төбесін де көрсетпеген.

43 жастағы Әбибулла Мамешовтің мұндай қылмысқа баруына ішкілікке салынғаны және қызғаныш себеп болған. Яғни үнемі ішетін ол "біреумен жүресің" деп әйеліне үнемі тиіскен. Тіпті бала-шағасының көзінше талай рет соққыға жығыпты.

Соңғы рет сәуір айында үйіне келе сала, жары Үкіләй Сартаеваны сабап тастаған. 38 жастағы әйелінің басынан шөлмекпен ұрып, үстіне секіріп, қабырғасын сындырған.

Осы ісі үшін 17 жылға кесілген ол жазасымен келіспейтінін жеткізді. Өз кезегінде жәбірленушілер де кемі 25 жылға сотталсын деп апелляциялық шағым түсірмек.

Ал үлкені 15-те, кенжесі 8 жастағы төрт бала ата-әжесінің қолында қалатын болды.

"Мамешов Әбибулла Хайруллаевич Қылмыстық кодекстіі 99-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленіп, қолданылған күзетпен бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, жазасын өтеу мерзімі 29-сәуір, 2022 жылдан бастап есептелсін", – деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983500-turkistan-oblysynda-aielin-ayausyz-uryp-oltirgen-er-adam-sottaldy/