Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап өлтіргені сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденген. Полиция қайғылы оқиғада қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“2022 жылы 9 маусым күні сағат 23:52-де “Есет батыр” тұрғын үй алабының үшінші ықшам ауданындағы құрылыс нысанында 2010 жылы туған баланың денесі табылды. Бала көп қан жоғалтқан, бас, дене, аяқ-қолы жарақаттанған.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғандығы анықталды. Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды”, - деді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Еске салсақ, оқиға болған күні облыстық полиция департаменті кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар денесі табылғанын хабарлаған еді.

Кейін ит талап өлтірген оқушының ата-анасы мен жақындары иттің иесін тауып, жазалауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983504-aqtobede-it-talap-oltirgen-balanyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-toqtatyldy/

pixel