Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік нөміріндегі әріпті өзгертіп тастаған жүргізушінің айыппұлдары басқа адамға келіп отырған

Опубликовано:

Көлік
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында көлік жүргізушісі жол ережесін бұзса, айыппұл төлемеудің амалын ойлап тапқан. Ер адам ол үшін көлігіндегі мемлекеттік нөмірдің әрпін ауыстырып тастаған. Ал айыппұлдар басқа адамға келіп отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Сарыағаш ауданының тұрғыны жол ережесін бұзбаса да, өзіне айыппұл келетінін айтып, полицияға жүгінген.

Жас жігіт көлігінің мемлекеттік нөмірін басқа біреу көлігіне орнатып алуы мүмкін деп күдіктенген.

Шағым бойынша тәртіп сақшылары мән-жайды анықтауға кірісккен. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын мұқият зерделеу нәтижесінде полицейлердің назарын Түркістан көшелерінде жүрген Mercedes көлігі аударған.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көлікте арызданушы өз өтінішінде көрсеткен мемлекеттік нөмір орнатылған.

Полицейлер көлікті тоқтатып, Mercedes жүргізушісінің мемлекеттік нөмірді ондағы әріптің орнына басқа әріпті жабыстыру арқылы өзгерткенін анықтаған. Сол себепті жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл оған емес, Сарыағаш тұрғынының атына келген.

"Айыппұлдың жалпы сомасы 90 мың теңгені құрады. Негізінен, жүргізуші жылдамдықты асыру бойынша ереже бұзған. Шетелдік көлік жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деп мәлім етті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983621-memlekettik-nomirindegi-aripti-ozgertip-algan-zurgizusinin-aiyppuldary-basqa-adamga-kelip-otyrgan/

pixel