Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 мың долларды әжетханаға тыққан: Атырауда өзінің туысын тонады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Атыраулық тұрғын өзінің туысын тонап кетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау тұрғыны өз туысының 11 мың долларын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Балауса ықшамауданында тұратын туысының үйіне қонаққа келіп, оның үйінен 30 000 АҚШ долларын тауып алған. Кейін соның 11 000 долларын ұрлап кеткен. 

Ер адам үйде жүрген адамдардан сескеніп, ақшаның бәрін бірден алмаған.  8 000 АҚШ долларын сол үйдің әжетханасына тығып, ал 3 000 АҚШ доллар ақшасын қалтасына басып, оқиға болған жерден қашып кеткен.  Қазіргі таңда күдікті анықталып, ұсталды.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188 бабы 3 бөлігі 1-тармағы ("Ірі мөлшерде жасалған ұрлық") бойынша тергелген іс сотқа жолданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983643-8-myn-dollardy-azetxanaga-tyqqan-atyrauda-ozinin-tuysyn-tonap-ketken-turgyn-ustaldy/

pixel