Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы дәріханалар тыйым салынған дәрі-дәрмектерді алаңсыз сатып келген

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда дәріханалар тыйым салынған дәрі-дәрмекті сатқан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордадағы кейбір дәріханаларда тыйым салынған дәрілер емін-еркін сатылып жатыр. Полицейлер дәріханадағы нашақорлықтың жолын кескен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Фармацевтер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды заңсыз сатқан. Желіде таралған кадрдан белгісіз азаматтың дәріханаға кіріп, рецептпен берілуі тиіс дәрілерді алып жатқанын байқауға болады.

Автордың айтуынша, қала ортасындағы дәріханалар тыйым салынған дәріні емін-еркін сатылымға шығарған. Оны бір ғана жерде емес, бірнеше жерге барып өз көзімен тексеріп көрген. Елордалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд жүргізу барысында бірнеше дәріханаға құжаттама толтырды.

Дәріхана маңындағы тұрғындардан шағым жиі түсетін көрінеді. Бірақ полицейлер жеке кәсіпкерлерді қалаған уақытта тексере алмайды. Олар соны пайдаланып отырған көрінеді. Ал тәртіп сақшылары дәріхана иесіне тек айыппұл ретінде жаза қолдануға қауқарлы.

"Дәріхана иесі сол дәріхананың фармацевтерін ауыстырады. Тек фармацевтке ғана әкімшілік жауапкершілік тартылады. Қазіргі таңда бір материалды біз қалалық сотқа жібердік, ол жерде әкімшілік іс қаралып, аталған жеке кәсіпкер 6 айға өзінің кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатады", - дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983652-elordadagy-darixanalar-tyiym-salyngan-dari-darmekterdi-alansyz-satyp-kelgen/

pixel