Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында Ресей азаматтығын алған тұрғын елден шығарылды

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар обысы Шарбақты ауданында Ресей азаматтығын алғанын хабарламаған әйел елден шығарылды. Оның ісі сотта қаралған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбековтің сөзінше, Қазақстан азаматы болып табылатын 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алған.

Алайда қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламаған.

"Шетел азаматшасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, ол сотта қаралды", - дейді Нұрғали Омарбеков.

Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983693-pavlodar-oblysynda-resei-azamattygyn-algan-turgyn-elden-sygaryldy/

pixel