Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жерге түкіргендерді камералар анықтайтын болады

Опубликовано:

сергек15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары жерге түкірген адамдар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Осы мақсатта бейнебақылау камералары пайдаланылатын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдігі ресми сайтында.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәслихатта жерге түкірген адамдарды жазалау үшін бейнебақылау камераларын пайдалану ұсынылған.

Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады. Қала билігі бұл шаралардың тәртіп бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік беретінін алға тартады.

"Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Тек бірлесе отырып, қаланы таза ұстауға және коммуналдық қызмет мамандарының еңбегіне құрмет көрсетуге болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдениет пен қарапайым тәртіпті сақтауға шақырамыз", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Әкімдік осындай жағдайға куә болған тұрғындарға құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрайды. Шағым иесі сөзін растау үшін фото немесе видеоның қоса беру қажет екені атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983749-elordada-zerge-tukirgenderdi-kameralar-anyqtaityn-bolady/

pixel