Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 млн теңгесінен айырылған": Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел сан соғып қалды

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың жазуынша, Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған.

Ол арызында танысы 2020 жылдың желтоқсан айында "қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін" деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеген.

Осыдан кейін іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Алматы қаласының жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстаған.

Белгілі болғандай, күдікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983755-1-mln-tengesinen-aiyrylgan-turkistan-oblysynda-qyzyn-grantqa-tusirmek-bolgan-aiel-san-sogyp-qaldy/

pixel