Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шұжық жемеңіз, сізді қартайтады: Маман жастықты қандай тағамдар ұзартатынын айтты

Жарияланған күні:

Диетолог шұжық жемеуге кеңес берд
Көрнекі фото: Pixabay.com

Диетолог Елена Мотина ұзақ, бақытты әрі дәмді өмір сүруге қандай тағамдар көмектесетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

Сарапшы "Суперфудтарды" пайдалы тағам деудің ғылыми негізі жоқ екенін, ол маркетологтардың ойлап тапқаны,

"Өлімге әкелетін зиянды" өнімдер жоқ секілді суперфуд дегендер де болмайды. Құрамында химиялық, биологиялық немесе бактериялық ластануы бар өнімдер ғана тағамға мүлдем жарамсыз", – дейді Мотина.

Жақында ресейлік ғалымдар краб таяқшаларын, сондай-ақ басқа да өңделген өнімдерді жиі қолдану ағзаның қартаю процесін тездетеді деген қорытындыға келді. Халықаралық диеталық ережелерге сәйкес, өнім дүкен сөресіне түскенге дейін неғұрлым аз өңделсе, соғұрлым ол денсаулыққа пайдалы болмақ.

Ғалымдар өнімдерді шартты түрде төрт негізгі түрге бөледі:

1-топ. Өңделмеген: көкөністер, жемістер, шөптер, ет, балық, жұмыртқа және сүт.

2-топ. Өңделген: майлар, дәмдеуіштер, қант және тұз.

3-топ. Өңделген өнімдер: консервілер, ірімшіктер мен нан өнімдері.

4-топ. Терең өңделген өнімдер: газдалған алкогольсіз сусындар, дайын тағамдар, шұжықтар, краб таяқшалары.

"Барлық пайдалы өнімдердің бірінші топта "жиналғанын" байқау қиын емес" дейді диетолог.

Екінші және үшінші топтағы өнімдерді шектеу ұсынылады. Мысалы, қант күнделікті калория мөлшерінің он пайызынан аспаса, улы емес.

Бірақ диетологтар төртінші топтың өнімдерін азайтуға кеңес береді: оларда ең зиянды қоспалар көп, яғни консерванттар, түс күшейткіштері, дәм және т.б. қосылған. Дегенмен, маман шұжық пен басқа да тағамдарға мүлдем тыйым салудың қажеті жоқ дейді.

Тамақтануда ұстанатын ең басты ереже – позитив.

"Бұдан былай шұжық жеме" дегеннен көрі "Маусымдық көкөністерді көбірек тұтын" деген ұран адамның сау тамақтануына түрткі болады", – дейді диетолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983798-suzyq-zemeniz-sizdi-qartaitady-maman-qandai-tagamdar-zastyqty-uzartatynyn-aitty/