Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанайда облыстық соттың судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Аталған факті бойынша ҰҚК тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Жоғарғы Соттың ресми сайты хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында облыстық соттың судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталған.

"Ақша сот шешімін мүдделі тараптың пайдасына шығару үшін көзделген", - делінген хабарламада.

Онда ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатқаны атап өтілген.

Ведомство бұдан басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983811-qostanai-oblystyq-sotynyn-sudyasy-qamauga-alyndy/

pixel