Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында 18 жастағы үш жігіт есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Есірткі сатумен айналысатын топ
Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

16 тамыз күні Семей қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірлесіп "Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласының маңында аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен қаланың 18 жастағы үш тұрғынын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұсталған жігіттер қаладағы колледжде білім алады. Олар жеңіл пайда табу мақсатында интернет дүкеннің "жеткізушілері" болып жұмыс істеген дейді ведомстводағылар.

Жеке тінту барысында күдіктілердің әрқайсысының қалтасынан жалпы салмағы 13 грамнан асатын 34 дана дайындалған, өлшеп оралған есірткі заты тәркіленген. Ал сараптама тәркіленген заттың психотроптық зат (А-PVP) екенін растаған.

Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983836-abai-oblysynda-18-zastagy-us-zigit-esirtki-satumen-ainalysty-degen-kudikke-ilindi/

pixel