Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы парамен ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Н.Қарабалаев пара алуда көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бас маман жеке кәсіпкер (1-топтағы мүгедек) мен "З" қоғамының басшысынан ЖК шотынан арестты алып тастаумен арнайы салық режимін қалдырғаны үшін 260 мың теңге сомасында пара алған.

"Н.Қарабалаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983838-almatyda-memlekettik-kirister-departamentinin-bas-mamany-paramen-ustaldy/

pixel