Алматыда ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
Опубликовано:

Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті – К.есімді азамат ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983842-almatyda-ulyn-uryp-soqqan-er-adam-qamauga-alyndy/