Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртаудағы үйде болған жарылыс себебі тексеріліп жатыр

Опубликовано:

Теміртауда газ жарылды
Видеодан кадр: КТК

Теміртау қаласында көп қабатты үйде болған жарылыстың салдарын үш бірдей жауапты ұйым тексеріп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Алдын ала қорытынды екі күннен кейін, 20 тамыз күні белгілі болады. Оған дейін тұрғындар үйлерінде тұра алмайды, олардың кейбірі туыстарына, ал енді бірі қонақ үйлерге жайғастырылған. 80 пәтерде 155 адам тұрған. Оның ішінде 12-сі қарт адамдар болса, 15-і он сегіз жасқа дейінгі бала.

Еске салсақ, 20 тамыз күні Теміртау қаласындағы көпқабатты үйде орталықтандырылған газ құбыры жарылып, үшінші және төртінші қабат арасындағы қабырға қираған болатын. Салдарынан үш бірдей пәтер бүлінді.

Абырой болғанда, тұрғындар дін аман. Тек жарылыс болған үй иесі әлі ауруханада. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983844-temirtaudagy-uide-bolgan-zarylys-sebebi-tekserilip-zatyr/

pixel