jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 тамыз, жұма күні Қазақстанның үш мегаполисі - Алматы, Нұр-Cұлтан және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда бүгін күн ашық әрі жылы болады - термометр +26...+28 градус аралығын көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін баруы мүмкін, дейді мамандар.

Нұр-Сұлтанда термометр бағаны күннен-күнге түсуде. Бүгін елордада +15...+17 градус болады деп күтілуде және жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Ал Шымкентте ыстық ауа райы әлі де сақталады. Бүгін қалада ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер Шымкент тұрғындарына мегаполисте жел соғатынын да ескертіп отыр. Оның жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжануда.

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.