Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Nazarbayev University-де зорлау жағдайлары болғанын айтқан бойжеткеннің бейнеүндеуін тексеруде

Опубликовано:

студенттер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері Nazarbayev University-де студент қыздарға қысым көрсету және зорлау жағдайлары болғанынан хабардар екенін айтқан бойжеткеннің бейнеүндеуін тексеруде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі жазылған видео анықталған.

"Ол Nazarbayev University-дің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді. Бұл бейнежолдау "Есіл" ауданының полиция басқармасында тіркелді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері қазір тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984028-policiya-nazarbayev-university-de-zorlau-zagdailary-bolganyn-aitqan-boizetkennin-beineundeuin-tekserude/

pixel