Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген автонесие: Бағдарламаға тағы 10 млрд теңге бөлінді

Жарияланған күні:

Автокөлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына тағы 10 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты "Өнеркәсіпті дамыту қорынан" мәлім еткен.

Агенттіктің хабарлауынша, аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінген.

Қор дерегінше, 4 пайызбен берілетін автонесие бағдарламасына қатысушы Еуразиялық банкке - 35 млрд, Банк Центр Кредитке - 27,5 млрд, Халық банкке - 22,5 млрд және Forte Bank-ке 15 млрд теңге бөлінген.

"Бүгін қалған 10 млрд теңге бөлінді", - делінген ұсынылған мәліметте.

"Өнеркәсіпті дамыту қорының" ақпаратына сай, автокөлік сатып алуға өңірлерден түскен өтініштер саны келесідей:

  • Алматы қаласы – 7 031 өтініш;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 5 381 өтініш;
  • Шымкент қаласы – 4 664 өтініш;
  • Қостанай облысы – 2 465 өтініш;
  • Қарағанды облысы – 2 109 өтініш;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 732 өтініш;
  • Павлодар облысы – 1 442 өтініш;
  • Ақтөбе облысы – 1 144 өтініш;
  • Жамбыл облысы – 1 112 өтініш;
  • Қызылорда облысы – 815 өтініш;
  • Маңғыстау облысы – 720 өтініш;
  • Атырау облысы – 616 өтініш;
  • Батыс Қазақстан облысы – 594 өтініш;
  • Ақмола облысы – 571 өтініш;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 524 өтініш;
  • Алматы облысы – 470 өтініш;
  • Түркістан облысы – 148 өтініш.

Айта кетейік, бүгінге дейін жеңілдетілген шарттармен несиелеу бағдарламасы бойынша 10 015 қазақстандық көлік алған. Ал жалпы 4 пайызбен теміртұлпар алуға ниетті 31 538 қазақстандықтан өтініш түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984038-zenildetilgen-avtonesie-bagdarlamaga-tagy-10-mlrd-tenge-bolindi/