Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жігіт іздестірілуде

Опубликовано:

Виталий Вячеславович Майснер
Виталий Вячеславович Майснер. Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жігітті іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық басылым мәліметінше, СҚО Жамбыл ауданында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер із-түзсіз жоғалған 29 жастағы жергілікті тұрғын Виталий Вячеславович Майснерді іздестіруде.

Жас жігіт ауылшаруашылық кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген. Ол 16 тамыз күні даладағы қостан хабарсыз кеткен. Оның жоғалғаны туралы жұмыс беруші хабарлаған.

"Із-түзсіз жоғалған жігіттің ерекше белгілері орта бойлы, шашы сары. Үстінде қара пуловер мен шалбар болған", - делінген хабарламада.

Медиа-порталдың хабарлауынша, жігітті іздестіру шараларына 60-тан астам адам жұмылдырылған, сондай-ақ еріктілер әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда.

Полиция Виталий Майснер туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8-777-307-99-65, 8-775-202-00-37 нөмірі бойынша немесе "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984045-sqo-da-iz-tuzsiz-zogalgan-29-zastagy-zigit-izdestirilude/

pixel