Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік туды тасқын судан алып шыққан полицей лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Туды судан алып шыққан полицей
Есімжан Нәдіровтің туды судан алып шыққан сәті: Түркістан облыстық ПД жариялаған видеодан кадр

ІІМ келісімі бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің бұйрығымен Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Нәдіров келді, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті Facebook парақшасында.

Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Асылжан Қалдарбеков жаңа басшыны Мақтаарал аудандық полиция басқармасының жеке құрамына таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Түркістан облыстық ПД бастығының м.а Асылжан Қалдарбеков пен Есімжан Нәдіров
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Полиция майоры Есімжан Нәдіров ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Айта кетейік, 2020 жылы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай болған тұста тасқын судан мемлекеттік туды алып шыққан полицейдің видеосы желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түскен еді.

Қазақпараттың мәліметінше, сол кезде бір ғана іс-әрекетімен замандастарына үлгі болған полиция қызметкері осы Есімжан Нәдіров.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында болған апаттан Түркістан облысының Мақтаарал ауданын да су басқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984070-memlekettik-tudy-tasqyn-sudan-alyp-syqqan-policei-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel