Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қаңтар оқиғасына қатысқан 17 адам сотталды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таразда қаңтар оқиғасына қатысқан 17 адам сотталды. Олар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сот қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында Ә., Б., Б., А., Қ. С., Б., Ш., есімді азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, қиратып, мүлікті бүлдірген.

Ш., Ш., А., П., С., М., Е., Ш. жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөгденің мүлкін ұрлаған. А. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталды", - делінген Тараз қаласының №2 сотының шешімінде.

Айта кетейік, 16 тамыз күні Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты 834 адамның сотталғанын хабарлаған болатын. Одан бөлек, бүлік кезінде қаза тапқан адамдардың тізімі де жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984120-tarazda-qantar-oqigasyna-qatysqan-17-adam-sottaldy/

pixel