Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Назарбаев университетінің атауын өзгертуге қатысты жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Назарбаев университеті
Фото: facebook.com/nuedukz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды StopFake.kz.

Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО "Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті" деп аталатыны айтылған. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Одан бөлек, хабарламада "әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби" туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ.

ЖОО-ның ресми сайтында жазылғандай, Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады.

2023 жылы Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының" ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984123-zelide-nazarbaev-universitetinin-atauyn-ozgertuge-qatysty-zalgan-aqparat-tarady/

pixel