Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, жаңбыр, жел: Дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қолшатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 22 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ауқымды солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Дегенмен еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай, жаңбыр күтіледі.

Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндіз оңтүстік – батыста шаңды дауыл күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984157-bursaq-zanbyr-duisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel