jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтанда өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды

Хабиб лигасындағы жанкүйерлер арасындағы жанжал
Оқиға орны. Видеодан кадр: POLISIA.KZ Телеграм арнасы

Полицейлер Нұр-Сұлтандағы "Барыс Аренда" өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде екі қақтығыстың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz ресми Telegram-арнасында.

Полицияның мәліметінше, турнир барысында жанкүйерлер арасында екі рет қақтығыс болған, алайда полицейлер жанжалдың өршуіне тез тосқауыл қойған.

Екі жағдайда да оқиға қатысушылары полиция бөліміне жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 21 тамызда UFC-дің бұрынғы чемпионы, Eagle Fighting Championship (EFC) лигасының негізін қалаушы Хабиб Нурмагомедов Нұр-Сұлтанға келді. Ол Eagle FC 50 мерейтойлық турниріне қатысты.

Турнирдің басты жекпе-жегінің жеңімпазы – жартылай ауыр салмақтағы аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай болды.

Нұр-Сұлтанда өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.