Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы екі аурухананың қызметкерлері мен емделушілері эвакуацияланды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Алматыда екі медициналық мекеменің пациенттері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Белгілі болғандай, екі ауруханаға жарылығыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыдағы ауруханалардың біріне "жарылығыш зат қойылғаны" туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Полицияның хабарлауынша, қаланың жедел және төтенше қызметтері екі медициналық мекемені тексеріп шыққан. Алайда ақпарат расталмаған.

"Алматы қалалық полиция департаментінің жедел бақылау орталығының мәліметінше, сағат 10:57-де екі нысанда барлық шаралар (тексеру-ред.) тоқтатылды. Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш заттар табылған жоқ. Медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшіп жатыр", – деп хабарлады полициядан.

Қазір тәртіп сақшылары жарылғыш заттар туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр. Ол Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар полиция осындай хабарламалар келіп түскенде шұғыл түрде науқастар мен медицина қызметкерлерін эвакуациялау, көліктерді қауіпсіз қашықтыққа шығару сынды кешенді шаралар жүргізілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984213-almatydagy-eki-auruxananyn-qyzmetkerleri-men-emdelusileri-sugyl-evakuaciyalandy/

pixel