Қазақстанда жыл басынан бері сары май бағасы бірден 15 пайызға өскен
Жарияланған күні:
Биыл қаңтар-шілде айларында елімізде сары май өндірісі 13,9 мың тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға аз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Сары майдың бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өскен. Яғни жыл басынан бері мұнда баға бірден 29 пайызға көтерілген.
Бұл ретте бір жыл бұрын осы саладағы өнім көлемінің өсімі тиісті кезеңде бірден 31,9 пайызды құрап отыр.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында отандық май зауыттары сары майға деген сұранысты өткен жылғы 83,6 пайызбен салыстырғанда 71 пайызға қанағаттандырды. Тиісті кезеңде өндіріс жылына 12 пайызға төмендеген (яғни 2021 жылғы қаңтар – мамырмен салыстырғанда).
Импорт, керісінше, бір жылда бірден 83,5 пайызға өскен, бұл импорттаушылардың нарықтағы үлесін 16,4 пайыздан 29 пайызға дейін ұлғайтты.
"2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға және бір жылда 17 пайызға артқан. Бұл ретте жыл басынан бері бағаның өсуі 14,7 пайызды құрады.
Еліміз бойынша тұздалмаған сары майдың бөлшек саудадағы құны ағымдағы жылдың шілде айында бір келі үшін 3,3 мың теңгеге жеткен", – деп жазады energyprom.kz.
Ірі қалалар жағдайында баға Павлодарда 2,7 мың теңге болса, Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін өскен. Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында бірден 29 пайызға көтерілді.
Одан кейін бағаның өсуі бойынша 26,7 пайызбен Шымкент және 26,4 пайыз болған Жамбыл облысы тұр. Бағаның аз өсу дерегі Нұр-Сұлтанда (3 пайызға), Алматы (5,6 пайыз) және Павлодар облысында (7,2 пайыз) тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984224-qazaqstanda-zyl-basynan-beri-sary-mai-bagasy-birden-15-paiyzga-osken/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.