Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

31 градусқа дейін ыстық және жаңбыр: Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Күз, ауа райы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сейсенбі, 23 тамыз күні Алматы мен Шымкент қалаларында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, ал Нұр-Сұлтанда күн жаңбырлы. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" метеорологиялық қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін елордада тағы да жаңбыр жауады, ауа температурасы +19...+21 градус болады. Нұр-сұлтандықтарға желдің 9-14 м/с күшеюі туралы да ескертіледі.

Ал Алматыда бүгін күн ыстық және ашық. Оңтүстік астанада термометр бағанасы +26...+28 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Шымкентте ауа температурасы +29...+31 градусқа дейін жылынады, бірақ мегаполисте жел 8-13 м/с күшейеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984335-31-gradusqa-deiingi-ystyq-zane-zanbyr-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel