Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүргізуші велосипедтегі зейнеткерді қағып кетті: полиция күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Зейнеткерді қағып кетті
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полициясы жолда велосипедтегі зейнеткерді қағып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 21 тамыз күні сағат 19:36 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына Таран ауылына кіре берісте белгісіз көлік велосипедшіні басып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жол апаты салдарынан 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар тарады. Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ЗАЗ Chance автокөлігін басқарған Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 608-бабы 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды. Ал көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушінің мас болу дәрежесін анықтау үшін химика-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша жол-көлік оқиғасы материалдары негізінде түпкілікті шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984342-almaty-oblysynda-zurgizusi-velosipedtegi-zeinetkerdi-qagyp-ketti-policiya-kudiktini-ustady/

pixel