Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекет ойлануға тиіс": Эколог итбалықтардың адамдарға шабуыл жасау себебін атады

Опубликовано:

Итбалықтар
Көрнекі фото: Pixabay.com

Соңғы аптада Ақтауда итбалықтардың адамдарға шабуыл жасауының бірден екі оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан екі қыз бала мен бір ер адам зардап шекті. Экологтар жануарлар өздерін осылай қорғауда деп есептейді.

Өткен аптаның соңында Ақтау қаласының тұрғыны 12 жасар қызы мен тағы бір қызды итбалық тістеп алғанын айтқан еді. Қазақстандық әйел балалардың жануардан алған жарақатын да көрсетті.

Кеше Маңғыстаудың тағы бір тұрғыны итбалықтың шабуылы туралы хабарлады. Ол жануардың ұзындығы бір метрдей екенін және ер адам достарымен жағаға жақын жерде шомылып жүрген кезде кенеттен шабуыл жасағанын айтты. Итбалық жігіттің қолынан тістеп, арқасы мен иығын тырнап алған.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, экологтар сүтқоректілердің агрессивті мінез-құлқын олардың табиғи ортасын қорғайтынымен түсіндіреді. Таяз суда итбалықтардың пайда болуын мамандар балық аулаумен байланыстырады.

"Адамзат, дәлірек айтсақ, адамдар осы итбалықтардың мекендеу ортасына кіріп алды. Олар қазір итбалықтардың меншігіне қол сұғуда, сондықтан олар адамдарды тістеп, шабуыл жасап жатыр. Бұл жерде менің ойымша, мемлекет итбалықтар өздерін жайлы сезінетін орындардың қажеттілігі туралы ойлануы керек", – деп түсіндірді Kaz Eco Patrol қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984372-memleket-oilanuga-tiis-ekolog-itbalyqtardyn-adamdarga-sabuyl-zasau-sebebin-atady/

pixel