Экология министрлігі Алматының ауасы қашан тазаратынын айтты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экология министрлігінің басшысы Серікқали Брекешев үкімет отырысында 2025 жылға қарай Алматыдағы ЖЭО-2 шығарындыларының көлемі айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брекешевтің сөзінше, бүгінде Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жоспарлануда. Яғни, 2025 жылға қарай ауа ластаушы заттар 80 пайызға аз шығады.

Алматыдағы ауа сапасы – тұрғындардың өзекті мәселелерінің бірі. Алматылықтар мегаполистегі қою қара түтінге жиі шағымданады. Атмосфераның ластануының негізгі себептерінің бірін тұрғындар мен мамандар осы ЖЭО деп біледі.

Бірер жыл бұрын қаланың белсенді тұрғындары жылу электр орталығы Алматының ауасын қалай ластайтыны туралы видео да түсірген еді.

2020 жылдың қазан айында Алматыдағы барлық ЖЭО газға көшетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984391-ekologiya-ministrligi-almatynyn-auasy-qasan-tazaratynyn-aitty/