Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көліктегі жолаушы көшеде мопедпен келе жатқан курьерді таяқпен ұрған (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы
Видеодан кадр: Instagram/astana_sergek

Желіде Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде жеңіл көлік жолаушысы мопедпен келе жатқан курьерді таяқпен ұрған сәтінен видео тарады. Жол бойындағы жанжал куәгерлердің бейнекамерасына түсіп қалған. Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Курьер мен жеңіл көлікпен келе жатқан жігіттің арасындағы жанжал Instagram желісіндегі astana_sergek парақшасында жарияланған. Видео авторының сөзінше, көлік жүргізушісі мопед жүргізушісін қағып жібермек болған.

Желіде жарияланған бірінші видеодан көлік ішінен шыққан жолаушы жігіттің курьермен жанжалдасып, қатқыл сөйлесіп жатқанын байқауға болады. Екінші видеода ер адамның курьерді ұрып-соғып жатқаны көрсетілген. Бұл жайтқа қатысты полиция пікір білдірді.

Құзырлы органның баспасөз қызметі аталған оқиғаның бір күн бұрын, 22 тамызда болғанын хабарлады.

"Сағат 19:50 шамасында полицияға Subaru көлігімен келе жатқан төрт жігіт курьерге дене жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген елорданың полиция департаментінің хабарламасында.

Аталмыш факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастаған. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984447-nur-sultanda-koliktegi-zolausy-kosede-mopedpen-kele-zatqan-kurerdi-tayaqpen-urgan-video/

pixel