"Қанша доллар кетті екен": Майамидегі қазақ тойында күйеу жігітке доллардан шапан жабылды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде АҚШ-тың Майами қаласында болған қазақ тойында түсірілген ерекше видео тарады. Онда күйеу жігітке АҚШ валютасынан жасалған шапан жабылғанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тойдың видеосы Instagram-дағы ztb_video парақшасында жарияланды.
Кадрдан тойда тілек айтқан қонақтардың бірі күйеу жігітке доллардан жасалған шапан жапқанын аңғаруға болады.
"Американың Майами қаласында қазақтардың үйлену тойы өтті, онда қонақтардың бірі сөздің тура мағынасында айтқанда қымбат сыйлық жасады. Ол толығымен америкалық банкнотадан тұратын қолдан жасалған шапан сыйлады. Мұндайды сіз бұрын көрмегенсіз! Бір шапанға қанша доллар кетті екен?", - делінген видео сипаттамасында.
Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.
"Қазақ Америкада да қазақ", "Бір-екі теңге қосып жіберуі керек еді, сонда ою болады шапанда", "Мақтаншақтық", "Тек бір долларлық банкнота қолданған", "Санап шықтым, $8900", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984487-qansa-dollar-ketti-eken-maiamidegi-qazaq-toiynda-kuieu-zigitke-dollardan-sapan-zabyldy-video/