Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді

Опубликовано:

Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді
Зират басы. Фото: ult.kz

Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді? Өмірден өткен адамның қарызы о дүниеде қиындық тудыра ма? Бұл туралы "Мұнара" басылымына сілтеме жасаған Ummet.kz хабарлайды.

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден өткеннен кейін өзіне де, артындағы отбасына да өте қиын жағдай тудыратыны анық. Қайтыс болған адамнан Алла Тағала өз хақын (қарызын) ғапу етуі мүмкін, бірақ біреуден алған қарызды Алла кешірмейді.

Оны тек сол қарыз иесі ғана кеше алады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Борышы төленгенге дейін мүміннің жаны оның қарызына байланысты", – деген. (Ахмад, Тирмизи). Яғни, мойындағы қарызды өтемеген адамның өлгеннен кейінгі хәлі қалай болатыны белгісіз.

Тіпті, мәйіт шейіт (шаһид) болса да, берешегі себебінен өз дәрежесіне жете алмай тұрады. Оның қарызы өтелгеннен кейін ғана оған шейіттік дәрежесі беріледі. Сондықтан қайтыс болған адамның жаназасында әуелі оның қарызы сұралады және сол қарызды өтеу шаралары қарастырылады. Қарыз мирасқорлардың ақысынан да жоғары тұрады.

Қайтыс болғаннан кейін артынан мал-дүние қалдырған мәйіттің қарызын кепілдікке алуға шариғат рұқсат етеді. Бұл жауапкершілікті өз міндетіне алған марқұмның туысы немесе басқа да адам мәйітке тиесілі мал-мүлік есебінен оның қарызын өтейді. Қарыз толық өтелумен мәйіт өз міндетінен құтылады. Ал қарызын төлеуге жететін артында мал-дүние қалдырмаған немесе тірі кезінде қарызды төлейтін бір кепіл тағайындамай кеткен мәйіттің борышын төлеу жайында түрлі пікірлер айтылған.

Мәйіттің қарызын төлеп беруге артында дүниесі қалмаған болса, бұл мәселеде Әбу Ханифаның (Алла оны рақым етсін) сөзі негізге алынады. Яғни, мәйіттің қарызын кепіл болған адам өзінің (кепілдің) есебінен төлейді. Төлемесе, оны төлеуге мәжбүр етпейді. Алайда, әрбір ақыл иесі Аллаға қайтатын, құзырына баратын күннің қамын алдын-ала жасауы, имани тұрғыдан дайын болуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984495-qaitys-bolgan-adamnyn-qaryzyn-kim-toleidi/

pixel