Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желі қолданушыларының көңілін босатқан павлодарлық қарияға жаңа "Запорожец" сыйға тартылды (фото, видео)

Опубликовано:

Павлодарлық қарияға сыйға тартылған көлік
Павлодарлық қарияға сыйға тартылған көлік. Фото: instagram.com/p/ChkoUIkLexZ

Жол апатына түсіп, көлігінен айырылған павлодарлық зейнеткерге жаңа "Запорожец" сыйға тартылды. Сондай-ақ қазақстандықтар онымен соқтығысқан екінші жүргізушінің Toyota Camry көлігін қалпына келтіруге көмектескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы "Колеса Павлодара" парақшасының хабарлауынша, жаңа "Запорожецті" зейнеткерге Семей қаласының тұрғыны сыйлаған.

Жазба авторының сөзінше, дегенмен көлікті Семейден Павлодарға жеткізу жағынан мәселе туындап отыр. Сондықтан ол көлікті Павлодарға жеткізуге көмек көрсете алатын адамдар болса, хабарласуын сұрады. Себебі, Ефим Никитич сол қалада тұрады.

Сонымен қатар зейнеткердің атына шот ашылып, оған басқа да қамқор қазақстандықтар, жерлестері ақшалай көмектескен.

Қазір қажетті қаражат жиналған. Бастама көтерушілердің айтуынша, жиналған ақша Ефим Никитичке "жаңа көлік" алуға жетеді.

Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы туралы 22 тамыз күні әлеуметтік желіден белгілі болған еді.

Желі қолданушыларының назарын жол апатына қатысушылардың бірі "Запорожец" жүргізушісі аударған. Бүлінген көлігіне сүйеніп, мұңайып тұрған қария желідегілерді бей-жай қалдырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984514-zeli-qoldanusylarynyn-konilin-bosatqan-pavlodarlyq-qariyaga-zana-zaporozec-syiga-tartyldy-foto-video/

pixel