Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптаның соңына қарай солтүстікте ауа температурасы төмендеуі мүмкін

Опубликовано:

ауа райы11
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық және ыстық ауа райы сақталады.

Ал еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, аптаның соңына қарай солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Одан бөлек Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38°С шамасында сақталады.

Сондай-ақ республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32°С-тан +20+28°С-қа дейін, солтүстігінде +22+27°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы +18+28°С, оңтүстігінде +28+35°С, оңтүстік-шығысында +20+30°С шамасында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984567-aldagy-us-kunde-soltustikte-aua-temperaturasy-tomendeui-yqtimal/

pixel