Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы уақытта алаяқтар зейнетақы қорының қызметкері ретінде хабарласуға көшкен

Опубликовано:

Телефон ұстаған әйел
Көрнекі фото: Pixabay.com

Соңғы кезде азаматтарға өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банк шотын толтыруды сұрайтын белгісіз тұлғалар қоңырау шала бастаған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл алаяқтықтың жаңа әдісі екенін ескертеді, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа әдісі шыққанын хабарлап, ескерту жасады.

Қоңырау шалушылар өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банк шотын толтыруды сұрайды.

"Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Қордың баспасөз қызметі мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатқан абзал дейді.

Сондай-ақ ресми хабарламада төмендегі заң тармақтары жайлы еске салған.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды. Демек, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды, – деп көрсетілген Қор мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984605-songy-uaqytta-alayaqtar-zeinetaqy-qorynyn-qyzmetkeri-bolyp-xabarlasuga-kosken/

pixel