Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылдың 16 тамызында сот қаулысымен қамауда ұстау мерзімін ұзартуға 6 айға дейін яғни 21 қазанға дейін санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды (Құдайбергенге қатысты – еск.ред). Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергенді сәуір айының соңында ұсталған болатын. Прокуратура оның Алматыдағы қаңтар кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар және оны ұйымдастырды деп күдіктенетінін хабарлады.

Күдіктінің өзі кінәсін мойындамады.

Бұған дейін ол "Аманат" партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған болатын.

Шілде айының екінші жартысында тергеу изоляторында жатқан Құдайбергеннің коронавируспен ауырып қалғаны және осыған байланысты ем алатыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984628-qairat-qudaibergendi-qamauga-alu-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel