NUR.KZ-те "Қазақтелеком" басшысының кезекті интернет-конференциясы өтпек

Опубликовано:

Қазақтелеком
Фото: Қазақтелеком

Осы аптада біздің ресурс қатарынан үш жыл бойы NUR.KZ оқырмандарының еліміздегі ірі телеком-оператор қызметіне қатысты сауалдарына тұрақты түрде жауап беріп келе жатқан "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің кезекті, алтыншы интернет-конференциясын ұйымдастырады.

Қуанышбек Есекеевтің алғашқы интернет-конференциясы коронавирустық инфекциясының таралуына қатысты қолға алынған шектеу шараларының тұсында, 2020 жылдың көктемінде өтті. Содан бері интернет-диалог дәстүрлі форматқа айналды, ал өткен бес конференцияның әрқайсысы мың жарым адамнан кем емес аудитория жинады. Сауалдардың көбі "Қазақтелеком" АҚ қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне, сонымен бірге компания ұсынатын қызметтердің сапасына қатысты болды және Есекеев мырзаның айтуынша, олар бірқатар проблеманы анықтап, шешуге мүмкіндік берген.

rfpfntktrjv
Фото: "Қазтелеком"
"Клиентке бағдарланған біз секілді компания үшін қызметіміздің объективті бағасын, оның ішінде NUR.KZ секілді тәуелсіз алаңдар арқылы алу өте маңызды. Дәл сол үшін біз осы ресурста екі жыл бұрын қолға алынған форматқа қайта-қайта оралып отырмыз: бұл бізге клиенттердің компаниядан не күтетінінің картинасын, жұмысымыздағы кемшіліктерді жоюға және күш салу керек бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді", - дейді "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы.

"Қазақтелеком" басшысы биыл компания көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға назар аудару туралы шешкен. Осы мақсатта клиенттерді қолдау жөніндегі барлық қызметтің жұмысы қайта құрылып, онлайн-форматта тәулік бойы қызмет көрсетуге көшкен. Бұл ретте компания қолдауға жүгінген әр абоненттен кеңесшілердің жұмысы туралы өз бетінше пікір жинап, осы деректердің негізінде жыл басынан бергі клиенттер бейілділігі артқанын байқаған.

"Қазтелеком"
Фото: "Қазтелеком"
"NPS секілді көрсеткіш арқылы, яғни абоненттердің біздің компанияның тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтерін қайта сатып алуға даярлығына баға бере келе, біз жыл басында 38 пайыз болған көрсеткіш шілденің соңында 58 пайызға жетіп, сенімді өсімге қол жеткізгенін көріп отырмыз. Бірақ біз өзге дереккөздердің "кері байланысы" арқылы біздің ішкі деректерімізді тексеріп отырғымыз келеді. Оған қоса, бұған дейінгі интернет-конференциялар қандай да бір себептермен біздің абонент болмай қалған қазақстандықтар тарапынан қызығушылық бар екенін көрсетті. Сондықтан біз компаниямызға деген қызығушылық бәсеңдемегеніне көз жеткізгіміз келеді", - дейді Есекеев.

Еске салсақ, "Қазақтелекомның" ақпан айында өткізген соңғы интернет-конференциясына 1700-ге жуық респондент қатысып, рекордтық деңгейдегі аудитория жиналған. Сол уақыттан бері компания байланыс пен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастаманы жүзеге асырғанын және абоненттік базасын, оның ішінде ауылдың елдімекендердегі пайдаланушылар санын арттырғанын есепке ала отырып, басқарма төрағасы алдағы конференциядан елдегі ірі телеком-операторының жұмысын жақсартуға қатысты NUR.KZ оқырмандары сауал қоюдан жаңа рекорд орнатады деп сенеді.

"Қазтелеком"
Фото: "Қазтелеком"
"Біз биыл "Ауылдағы сандық серіктес" жобасын іске қостық. Бұл жоба елдегі шағын және орта бизнес өкілдерін жергілікті желілер құрылысына тартуға мүмкіндік береді. Осы жоба аясында қазірдің өзінде бірқатар кәсіпкермен еліміздің әр өңірінде жұмысты бастап кеттік, - дейді Қуанышбек Есекеев. – Біз үшін жыл басынан бері іске асырып отырған біздің осы секілді өзге де жобаларымызға клиенттердің пікірі маңызды: біз биылдан бастап іске қосылған мобильді қосымшаға қатысты сіздің пікіріңізді және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстарыңызды, сонымен бірге бір жыл бұрын іске қосылған телевизиялық платформа бойынша кері байланысты күтміз. Өткен конференциялар мысалында біз бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмайтынымызға және әр сынға жақсы қарайтынымызға көз жеткіздіңіздер. Сондықтан мен NUR.KZ аудиториясын біздің кезекті конференцияда белсенді болуға шақырамын", - деп сөзін түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984640-nurkz-te-qazaqtelekom-bassysynyn-kezekti-internet-konferenciyasy-otpek/