Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтпаевта Шахтер күні атап өтілуде

Жарияланған күні:

В Сатпаеве отмечают День шахтера
Фото: Kazakhmys Holding

Сәтпаевта өткен аптадан бері шахтер және кен байытушы күні атап өтілуде. Жергілікті тұрғындарға мереке ұйымдастырып беруді "Қазақмыс" корпорациясы қолға алған. Бұл күндері қандай іс-шаралар өтіп жатқанын бүгінгі материалдан оқи аласыздар.

Мерекелік іс-шаралар жексенбіден басталды. Мереке алдында сәтпаевтықтарды қала әкімі Бауыржан Баймұханов пен "ЖЦМ" ӨБ директоры Бауыржан Баймұханов құттықтаған.

цирковой клоун
Фото: Kazakhmys Holding
"Шахтер күні біздің қала үшін маңызды кәсіби мерекелердің бірі. Әр отбасының шахтада немесе ашық карьерде жұмыс істейтін жақын адамы немесе танысы бар. Жыл өткен сайын бұл мамандықтың да танымалдылығы артып келе жатқанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Қазірде ондаған отбасылық әулет ұрпақтар сабақтастығы арқылы жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін кейінгі буынға үйретіп келеді. Шахтер мамандығы біздің өңірде өте қажетті әрі маңызды мамандық болып есептеліп келген және солай болып қалады да. Сәтпаев кеншілері "Қазақмыс" корпорациясы кен өндіру кәсіпорындарының тарихында өз есімін алтын әріппен қалдырып, өлшеусіз еңбегімен есте қалуда. Шахтердің еңбегі әлі де жанқиярлықтың, өз кәсібіне адалдықтың үлгісі", - деді қала басшысы.
В Сатпаеве отмечают День шахтера
Фото: Kazakhmys Holding

Кеншілер алаңында сәтпаевтықтарды "МонАрбат Кайрата Кэй-Кэй" сықақшыларының көрмесі, фокустар шоуы күтіп тұрса, амфитеатр сахнасында Абдулкарим Каримов, Қайрат Баекенов және "Формат" тобы секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

"Мұндай шаралар Сәтпаевта соңғы рет пандемияға дейін ұйымдастырылған. Осы екі жыл ішінде қала қатты өзгерді. Пандемия аяқталып, концерттердің қайта ұйымдастырыла бастағаны жақсы болды. Бүгін біз Шахтерлар күні кәсіби мерекесінің арқасында осы қалаға жиналдық. Бір апта бойы осы мерекені тойлап, шахтерлер мен кен байытушыларды, барша тұрғынды құттықтайтын боламыз", - деді Абдулкарим Каримов.
В Сатпаеве отмечают День шахтера
Фото: Kazakhmys Holding

Сонымен бірге "Жұлдызбен бірге ән айт" деп аталатын караоке де барша әнсүйер қауымның назарына ұсынылды. Одан бөлек, осы маңда отты шоу ұйымдастырылды. Ал кішкентай қонақтар үшін арнайы мультфильмдер көрсетілімі қойылды.

Дүйсенбі күні таңертең қалалықтар Абдулкарим Каримовпен бірге таңғы жаттығу жасау мүмкіндігіне ие болды. Жастарға егде жастағы белсенді азаматтар да қосылды.

"Спой со звездой" шоу
Фото: Kazakhmys Holding
"Өзіңді қолға алуды әйтеуір бір күні бастау керек қой. Бұған дейін түрлі сылтау айтып, кейінге шегеріп жүр едім. Ал қазір кәсіби жаттықтырушылармен біріге отырып, Кеншілер алаңында бір апта бойы әр таң сайын таңғы жаттығуға келмекпін. Осылайша өзімді таңымды жаттығудан бастауға үйретуді жоспарлап отырмын", - дейді қала тұрғыны Ирина.

Ал кешке Сәтпаев тұрғындары қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауында Батырдың әндерін тыңдап, ашық аспан астында композитор Жақсыгелді Сейілов туралы түсірілген «Неге солай» фильмін тамашалады.

"Спой со звездой" шоу
Фото: Kazakhmys Holding

Мерекелік апта 27 тамыз күні қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысымен өтетін гала-концертпен аяқталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984641-satpaevta-saxter-kuni-atap-otilude/