Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сатыбалдыұлы ісі: Мемлекетке 240 млрд теңге қаражат қайтарылған

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істе жаңа дерек жарияланды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми Telegram арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 500 миллион АҚШ долларынан астам қаражат мемлекетке қайтарылған.

"Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасуда.

Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетелік, Қайрат Сатыбалдыұлы 13 наурыз күні ұсталды. Ол қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984660-satybaldyuly-isi-memleketke-240-mlrd-tenge-qarazat-qaitarylgan/

pixel