Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ethnosport.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша Қайрат Сатыбалдыұлын ұстады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-арнасы.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ведомсто таратқан хабарламада.

Агенттік сондай-ақ, Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960466-qairat-satybaldyuly-ustalyp-uaqytsa-ustau-izolyatoryna-qamaldy/